Палестиналық содырлар Иерусалимде жарылыс дайындаған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Палестиналық содырлар Иерусалимде жарылыс дайындаған

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Израильдік әскерилер палестиналық содырлардың Иерусалимде жарылыс ұйымдастыру жоспарын бұзды, деп хабарлайды РИА Новости ШАБАК терроризмге қарсы арнайы қызметіне сілтеме жасап.

Арнайы қызметтің мәліметтеріне сәйкес, Иордан өзенінің Батыс жағалауының жас тұрғындарының бір тобы ұсталды, олардан зақымдау әрекетін күшейту үшін ондаған металл бөлшектері бар үш келі салмақта қолдан жасалған бомба табылып, тәркіленді.

«Жалпы қауіпсіздік қызметінің (ШАБАК) Израиль қорғаныс әскерімен және израильдік полициямен бірлесіп жақында Иерусалимдегі лаңкестік әрекеттің алдын алғаны, Хеврон қаласында қолдануға дайын жарылғыш құрылғы табылғаны туралы ақпаратты жариялауға рұқсат берілді», - делінген арнайы қызмет хабарламасында.

Оның деректері бойынша, палестиналықтар ХАМАС исламдық қозғалысымен байланысты болған және Газа секторынан алынған нұсұқаулар бойынша әрекет  еткен. Израильдің Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху әскерилер жүргізген операцияға жоғары баға берді.


Көзі: Yunews.kz