23-24 тамызда Jezkiik этномәдение мұрасының ІІ Халықаралық фестивалі өтеді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

23-24 тамызда Jezkiik этномәдение мұрасының ІІ Халықаралық фестивалі өтеді

444

Smiley face
Фото: пресс-служба акимата Карагандинской области

Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Болатсай деген жерінде 23-24 тамызда Jezkiik этномәдени мұрасының ІІ Халықаралық фестивалі өтеді, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Ол «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілуде.

Фестивальға атақты қазақстандық және шетелдік әртістер қатысады: Carmen Guerrero Flamenco ансамблі (Испания), «Абрашевич» сербиялық ұлттық оркестрі, DUHAJ оркестрі, итальяндық MORESCA NOVA тобы және басқалар.

Фестиваль 23 тамызда алау басында  концерттік бағдарламамен басталады. Сондай-ақ бұл кеште көрермендерге «Қазақфильм» киностудиясы мен DAR Play студиясында түсірілген Amire фильмі көрсетіледі.

Сенбі күні, 24 тамызда, фестиваль «Атадан қалған асыл мұра» концертімен жалғасады. Оған Тәттімбет атындағы Академиялық оркестр және Италия, Испания, Сербия, Венгриядан келген фольклорлық ансамбльдер қатысады. «Ұлы дала дүбірі» ақындар айтысы ұйымдастырылады, оған белгілі ақындар – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтаев пен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Сара Тоқтамысова қатысады. Фестиваль қонақтарына қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері – тұсаукесер, бесікке бөлеу, беташар және т.б. көрсетіледі. Jezkiik этномәдени мұра фестивалі қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен Гала-концертпен аяқталады.


Көзі: Yunews.kz