Мемлекет басшысы қауіпсіздік сертификатын тестілеу аяқталғаны туралы хабарлады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Мемлекет басшысы қауіпсіздік сертификатын тестілеу аяқталғаны туралы хабарлады

444

Smiley face

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР ҰҚК жүргізген қауіпсіздік сертификатын тестілеу туралы өз ойын білдірді.

«Менің тапсырмам бойынша ҰҚК «Киберқалқан» бағдарламасы аясында сертификат қауірсіздігін тесттен өткізді. ҚР ақпарат кеңістігі қауіпсіздігі және сертификатты сырттан қауіп төнген жағдайда ғана қолдану мүмкіндігі дәлелденді. Интернет қолданушыларға қолайсыздық жоқ. ҰҚК алғыс білдіремін»,  - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев  Twitter парақшасында.

Ол сондай-ақ сертификатқа қатысты қауіптің расталмағанын хабарлады.

«Киберқалқан» бағдарламасы бойынша қауіпсіздік сертификатын тестілеудің жедел аяқталуы сырттан қауіп төнгенде техникалық жабдықталу деңгейінің жоғары екенін көрсетті. Мұндай жағдайлар бұрын болған. Ең бастысы – Қазақстанда интернет қолданушыларға қолайсыздық болмайды. Қауіптенуге еш негіз жоқ», - деп жазды Президент.


Көзі: yunews.kz