Павел Воржев велоспорт бойынша Спартакиаданың жеңімпазы атанды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Павел Воржев велоспорт бойынша Спартакиаданың жеңімпазы атанды

444

Smiley face

Нұр-Сұлтан қаласында өткен велоспорт бойынша Қазақстан спартакиадасында жарыс бағдарламасының екі түрі бойынша жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды  Olympic.kz. 

Ерлер арасындағы спринтте Қазақстан командасының көшбасшысы Павел Воржевке тең келер ешкім болмады. Мәреге екінші болып Андрей Чугай жетті. Үшінші орынды Сергей Пономарев иеленді. Осы бағдарлама түрінде әйелдер арасында Анастасия Шаповалова алтын медаль жеңіп алды. Жанерке Санақбаева екінші орынға ие болды. Алена Абрамчук үшінші нәтиже көрсетті.

Командалық қуғындау  жарысында (ерлер) Қызылорда облысы бірінші орынды иеленді. Қостанай облысының жарысушылары екінші уақытты көрсетті. Қола жүлделер Нұр-Сұлтанға қалды. Алматы облысы әйелдер арасында осы түр бойынша жеңіске жетті. Екінші орынды Солтүстік Қазақстан облысының спортшылары иеленді. Нұр-Сұлтан командасы үшінші болды.

Толығырақ: https://olympic.kz/ru/article/7281-pavel-vorzhev-zavoeval-zoloto-na-spartakiade-rk-po-velosportu-na-treke


Көзі: yunews.kz