Жас актерлер астанада өз театрын ашты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жас актерлер астанада өз театрын ашты

444

Smiley face

Елордалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «АZT» заманауи астаналық театр өз жұмысын бастады, деп хабарлайды  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жаңа өнер орталығы қала қонақтарына өз шымылдығын «Сон Шекспира»  спектаклімен ашты. Театр ансамблі 15 жас дарыннан құралған.

Smiley face

Бұл – театр директоры Жекебатыр Камен, режиссер Аян Әлімбаев, көркемдік жетекшісі Сабыр Батырхан және актерлер - халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары.

Театрдың басты ерекшелігі - бір қойылым үш тілде жүргізіледі. Бұған дейін бірде-бір театр бұл бағытты ұстанған жоқ.

Театр «Сон Шекспира» спектаклінің премьерасымен ашылды. Сыншылар мен көрермендер бірінші спектакльге жоғары баға берді. ҚазҰӨУ-дың тәрбие ісі жөніндегі проректоры Қымбат Тлеуованың айтуынша, Жастар жылында жас ұрпақты қолдау негізгі міндет болып табылады.

«Біздің басты мақсатымыз - жастарды қолдау. Заманауи астаналық театр еліміздің көрікті жерлерінің бірі болады. Біз сіздерде  үміт болғанына  қуаныштымыз», - деді өз сөзінде Қ. Тлеуова.

Smiley face

Бір жарым сағат бойы ән шырқалып, би биленді, көрермендер күліп-жылап алды. «AZT» театрының мақсаты жоғары. Театрдың жас труппасы болашақта қазақ театр өнерінің шоқжұлдызында лайықты орын алады. Ертеңнен бастап театр ұжымы Рахымжан Отарбаевтың «Нашақор туралы новелла» драмасына дайындық жұмыстарын бастайды.


Көзі: yunews.kz