Нұр-Сұлтан – Қарағанды ақылы жолында жол апаты болды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Нұр-Сұлтан – Қарағанды ақылы жолында жол апаты болды

444

Smiley face

Куәгерлер Yunews.kz редакциясына Нұр-Сұлтан-Қарағанды жолының ақылы учаскесіндегі ЖКО-ның видеосын жолдады. Бейнежазбада құлап жолды жауып қалған шамның салдарынан жүргізушілер көліктерін басқара алмағаны, ал машиналар қатты зақымданғаны анық көрінеді. Жүргізушілердің айтуынша, жолдың үстіне төніп салбырап тұрған шамның алыстан көзге көрінбеуі жағдайды одан сайын ушықтырған.

Yunews.kz тілшісі «QazAvtoJol» ҰК баспасөз қызметіне түсініктеме алу үшін жүгінді. Жағдайдың мән-жайын «QazAvtoJol»  ҰК АҚ «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалында түсіндірді.

Олардың айтуынша, жол қоршауы мен шамды таңертең Mercedes автокөлігімен келе жатқан жүргізуші қағып кеткен. Кінәлі оқиға орнынан ізін суытқан. Жол ұйымының қызметкерлері басқа автокөліктер шаммен соқтығысқанға дейін кедергілерді жойып үлгерген жоқ.

«Шамамен таңғы 7.35-те Mercedes маркалы көлік құралының жүргізушісі рульдік басқаруды игере алмай, ажыратушы жол қоршауына және жарықтандыру тірегіне соғылды. Нәтижесінде жарықтандыру тірегінің бөлігі жүріс бөлігінің екінші жолағына қисайған. Жазбадан, кінәлінің 10 минут ішінде өзінің көлігін, оқиға орнын қарап, бүлінген бөлшектерді жинап, ЖКО орнынан бой тасалағанын көруге болады. Сонымен қатар, ол басқа да қозғалысқа қатысушылар үшін қауіпсіз жол жүруді қамтамасыз етпеген, осылайша  ҚР ЖҚЕ 2-бөлімінің 1-тармағының 8 тт. бұзған (ЖКО кезінде жүргізуші егер басқа көлік құралдарының қозғалысы мүмкін болмаса, жолдың жүру бөлігін босатуға міндетті)», - деп хабарлады «QazAvtoJol» ҰК» АҚ «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалында.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, кінәлі ізін суытқаннан кейін 5 минут өткен соң, үш машинаның жүргізушілері қисайған тіректі көрмей, кедергіге (жарық тірегіне) соғылды.

«Бұдан әрі шамамен сағат 8.00-де пайдаланушылардан орын алған ЖКО туралы хабарлама келіп түсті, онда зақымдалған машиналар туралы да мәлімденді. Оқиға туралы ақпарат болмағандықтан және осындай қысқа уақыт ішінде (екі ЖКО аралығы - 5 минут) ЖКО-ға әрекет ету мүмкін еместігіне байланысты, пайдаланушы ұйым ЖКО салдарын уақытылы жоя алмады», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасына кінәлі анықталды, қазіргі уақытта осы факті бойынша тиісті іс-шаралар жүргізілуде.

№ 47 жол пайдалану учаскесінің бастығы ҚР ӘҚБК-нің 631-бабы «Жолдарда жұмыс жүргiзу, жолдарды, темiржол өтпелерiн және жол құрылыстарын күтiп-ұстау жөнiндегi талаптарды, жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қағидаларында белгiленген өзге де талаптарды орындамау»  бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Көзі: yunews.kz