Отарда «Армиялық халықаралық ойындар - 2019» басталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Отарда «Армиялық халықаралық ойындар - 2019» басталды

444

Smiley face

Отар 40-шы әскери базасының полигонында «Армиялық халықаралық ойындар  - 2019» үш конкурсының ашылу салтанаты өтеді: «Артиллериялық от ату шеберлері» миномет есептоптарының, «Сұңқар аңшылығы» ұшқышсыз ұшу аппараттарының тактикалық кешендерінің есептоптарының және «Сенімді қабылдау» әскери байланыс мамандарының жарыстары. Бұл туралы РФ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әскери мамандар жарыстарына 13 елден 21 команда қатысады: Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларус Республикасы, Боливариан Республикасы, Венесуэла Республикасы, Зимбабве республикасы, Иран Ислам Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Сирия Араб Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы.

Ресей, Беларус және Қазақстан әскери қызметшілерінің командалары барлық үш байқауларға қатысады.

Екі полигон жарыстарды өткізуге жұмылдырылады. 40-шы әскери базаның полигонында артиллеристер мен байланысшылар байқауының қатысушылары, ал әскери базадан 25 шақырым жерде орналасқан «Матыбұлақ» полигонында – ҰҰА есептоптары жарысады.

Қазақстан 2016 жылдан бастап Армиялық халықаралық ойындардың қатысушыларын қабылдайды. Барлық сайыстарда Қазақстан әскери қызметшілері әрдайым бірінші орын алды.


Көзі: yunews.kz