Қарқаралы аудандық полиция қызметкерлерімен жергілікті тұрғынға 8 миллионнан астам шығын келтірген «Барымташы» анықталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарқаралы аудандық полиция қызметкерлерімен жергілікті тұрғынға 8 миллионнан астам шығын келтірген «Барымташы» анықталды

444

Smiley face

Ағымдағы жылдың 2-ші сәуірінде Қарқаралы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 37-жастағы аудан тұрғыны шағымданып, 2018 жылдың желтоқсан айымен 2019 жылдың қаңтар айлары аралығында Бақты ауылынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан жайылымнан 27 бас жылқысы жоғалғаны туралы арызданып, өзіне келген шығынды 8 400 000 ға бағалаған. Айта кету керек мал иесі 4 –айға жуық жоғалған малын өзі іздеп, таба алмаған соң полицияға арызданған сөйтіп, қылмысты жедел ашу мүмкіндігін жоғалтқан.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабы 4 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлерімен қылмысты ашу бойынша кешенді іс-шаралар атқарылып, Қарқаралы ауданына қарасты барлық қыстақтарға тексеріс жұмыстары жүргізілді.

Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел алдын алу іс-шаралары барысында аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Томар ауылының бұрын осындай іспен полицияның назарына іліккен 35-жастағы тұрғыны анықталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.

Қарағанды облысы полиция департаменті мал иелеріне өздерінің мүлкіне сақтықпен қарауларын ескертеді. Көп жағдайларда мал ұрлығы малдың бағылмай қараусыз жүруінен ұрланады. Мал иелері малдарын қараусыз жіберуімен қоса бірнеше айға дейін оны қарамай «барымташыларға» өздері жағдай жасап беретінінде атап өткен жөн. Сондықтанда мал бағуды ұйымдастырып, өздерінің малдарына ен салып, жайылым жерлерін бақылауға алып, егерде ұрлық болған жағдайда бірден полицияға хабарласулары сұралады.


Көзі: yunews.kz