«Көлік жоқтың қасы» дейді тұрғындар - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Көлік жоқтың қасы» дейді тұрғындар

444

Smiley face

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Ильинка кентіндегі Ұлттық гвардия әскери қызметшілерінің отбасыларымен кездесті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қ. ресми сайты.

Тұрғындар әкімге қаланың көшелерінде жарықтың жоқтығына, дәріханалар мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдың болмауына шағымданды, сондай-ақ қоғамдық көлікке байланысты қиындықтар туралы айтты.

 «Өзіңіз білесіз, біздің әскери қалашығымыз салынып  басталғанда, Ильинка мұндай болған жоқ. Қазір үйлердің саны көбейді, Ильинканың ауданы кеңейді. Бірақ бізде көлік деген жоқтың қасы, бұрын болған екі бағыт бойынша қозғалыс қана бар. Олардың арасындағы аралық үлкен, аялдамалар бір-бірінен алыс. Желіге  қосымша автобустар шығарылса дейміз. Қыста суық болады, біздің қалашықтың тұрғындары жылы аялдамаларда тұрғысы келеді» , - дейді 5573 әскери бөлімінің тұрғындары.

Smiley face

Бұдан басқа, тұрғындар көптеген отбасылар толығып, балалар өсіп келе жатқанын, демек, мектепте орын жеткіліксіз болатынын да атап өтті.

«Келесі жылға жоспарлау үшін жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау қажет. Барлық сұрақты мұқият қараймыз. Қалашықтарыңыз өте үлкен болса да, ықшам. Сіздердің тілектеріңізді ескереміз. Сұрақтарды зерттейміз», - деді А.Көлгінов.

Әскери бөлімнің аумағында үш казарма, штаб ғимараты, күрес және жаттығу залдары бар екі қабатты спорт кешені, екі асхана, спорттық ойын алаңдары, мультимедиялық  тир орналасқан. Сондай-ақ лазарет, кинологиялық қалашық және мәдени-сауық орталығы бар.

Қала аумағында әскери қызметшілердің отбасыларына арналған 104 пәтерлік тұрғын үй салынды. Мұнда 350-ден астам адам тұрады . Қалашықтың аумағы 20 гектарды құрайды.

Smiley face


Көзі: yunews.kz