Шымкентте үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқаны үшін құрылыс салушыға айыппұл салынды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шымкентте үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқаны үшін құрылыс салушыға айыппұл салынды

444

Smiley face

Құрылыс салушы тиісті рұқсатты алмастан және кепілдік беру туралы шарт жасамастан  азаматтардың ақшасын тұрғын үй құрылысына заңсыз тартқан, деп хабарлайды Шымкент қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Заңнамаға сәйкес, құрылыс салушы екі жағдайда ғана азаматтардың ақшасын тартуға құқылы:

- «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ-мен кепілдік беру туралы жасалған шарт болған жағдайда (Заңның 8-бабы);

- жергілікті атқарушы органның үлескерлердің ақшасын тарту туралы рұқсаты болған жағдайда (Заңның 9 және 10-баптары).

Мониторинг нәтижесі бойынша Шымкент қаласы Қаратау аудандық прокуратурасымен құрылыс салушы «Feb Group» ЖШС-нің аяқталмаған «Көкжайлау» тұрғын үй кешенінің пәтерлерін сатып алу-сату бойынша алдын ала шарт жасау арқылы азаматтардың ақшасын заңсыз тарту фактісі анықталды.

Қаланың мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен 721 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.


Көзі: yunews.kz