Арыс қаласы тұрғындарының атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толмайды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Арыс қаласы тұрғындарының атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толмайды

444

Smiley face

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Арыс қаласының тұрғындарына үндеу жолдады, өйткені адамдардың орындалып жатқан жұмыстарға көңілі толмайтыны белгілі болды.

«Штабтар тарапынан түсіндіру жұмыстары жеткіліксіз жүргізіліп, және адамдар  шатырды ауыстырғаннан кейін басқа ешқандай көмек болмайды деп ойлаған болуы керек.  Жұмыстар кезең-кезеңмен жүргізіліп жатқанын ескеру қажет, алдымен - шатырлаушылар, содан кейін терезелерді ауыстырады, содан кейін - өңдеу жұмыстары: сылау, ақтау, сырлау», - деп түсіндірді вице-министр.

Арыс қаласында бірде-бір үй мен бірде-бір отбасы назардан тыс қалмайды, деп атап өтті Қ. Өскенбаев.

Арыс қаласындағы үйлерді қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Қазір 17 секторда 7 мыңнан астам құрылысшы еңбек етуде.

«Біз қала тұрғындарын жұмыстарды жүргізу мәселесі бойынша алаңдамауды сұраймыз. Бірде-бір лауазымды адам жұмысты аяқтамай, қаладан кетпейді. Біз сіздермен бірге боламыз, күн сайын 17 сектордың әрқайсысына тексеру жүргізіледі»,-деді Қ. Өскенбаев.

«Бұл үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың нақты тапсырмасы бар. Сондай-ақ, қалпына келтіру жұмыстарын Премьер-Министр Асқар Мамин Арыс қаласына апта сайын бару барысында қадағалайды. Үйлердің құрылысы мен қалпына келтірудің барлық кезеңі тұрақты бақылауда», - деп сендірді ИИДМ вице-министрі.

Ол қалада құрылысшылардың рекордтық саны жұмылдырылғанын, құрылыс материалдары қажетті мөлшерде үздіксіз жеткізілетінін, ал барлық 17 штаб күшейтілген режимде жұмыс істейтінін хабарлады.

Бүгінгі күні Арыс қаласында 6,7 мыңнан астам тұрғын үйдің негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. 2,6 мың ЖТҚ және КПТҮ объектілерінде құрылысшылар косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Әрбір объектіге қатаң бақылау жүргізіледі.


Көзі: yunews.kz