ҚазҚСҒЗИ мамандары Қырғызстанда ғимараттарды төлқұжаттандыруға қатысатын болады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ҚазҚСҒЗИ мамандары Қырғызстанда ғимараттарды төлқұжаттандыруға қатысатын болады

444

Smiley face

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) және Қырғызстандағы Мемлекеттік сейсмикаға төзімді құрылыс және инженерлік жобалау институты (МСҚ және ИЖИ) Сейсмикаға төзімді құрылыс, құрылыстағы нормативтік базаны жетілдіру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасасты, - деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Тараптар құрылыс және инженерлік жүйелер бойынша құрылыс нормалары мен ережелерін, стандарттарын, ұсыныстарын және құралдарын әзірлеу бойынша өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісті. 

Меморандумның шеңберінде, сейсмикаға төзімді құрылыс саласында бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға арнайы техникалық шарттар әзірлеу жоспарланып отыр. Сондай-ақ ғимараттардың сейсмикаға төзімділігін тексеру үшін екі елдің мамандарын тарту жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, қазіргі уақытта МСҚ және ИЖИ базасында «ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандарының қатысуымен эксперименталдық зерттеулер жүргізу туралы уағдаластықтар бар.

Қырғыз Республикасы үшін сейсмикаға төзімді құрылыс бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу кезінде «Қазақстан Республикасының сейсмикалық аймақтарындағы құрылыс» Қазақстан Республикасының нормалары негіз ретінде алынды.

2019 жылдың маусым айында «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ға ТМД елдерінің сейсмикаға төзімді құрылысы саласында Базалық ұйымы дәрежесі берілгенін атап өтеміз. Базалық ұйымның құрылуы ТМД қатысушы елдеріне нормативтік құжаттарды үйлестіру және жетілдіру және бірыңғай нормативтік база құру арқылы сейсмикаға төзімді құрылыс саласында келісілген техникалық саясат жүргізуге мүмкіндік береді.

 Анықтама үшін:

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ – Қазақстанның, оның ішінде инженерлік-геологиялық жағдайлары аса күрделі аудандардың және сейсмикалық қауіпті аймақтардың құрылысын дамыту саласында Қазақстандағы жалғыз мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты.

МСҚ және ИЖИ – Қырғызстанның сейсмикаға төзімді құрылыс және инженерлік жобалау саласындағы бас институты.


Көзі: yunews.kz