Алматыда екі жол апаты болды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматыда екі жол апаты болды

444

Smiley face

Ірі жол-көлік оқиғасы Мұстафин көшесінің көпірі астында Әл-Фараби даңғылы бойында орын алды, деп хабарлайды @chp_kz.

«Toyota Camry Әл-Фараби даңғылының бойымен батыс бағытта үлкен жылдамдықпен қозғалған, орта қатарда КамАЗ келе жатқан, КамАЗдың алдында шетел көлігі тежеле бастаған және жүк көлігі де қозғалысын тежеген. Toyota Camry жүргізушісі КамАЗ-ды оң жағынан басып озбақшы болып, бар жылдамдықпен оған соғылды. Күшті соққыдан КамАЗ шетке шығып кетіп, ол Әл-Фараби даңғылымен өте сол қатарда келе жатқан Toyota Hilux автокөлігімен соқтығысқан.  Соққыдан Hilux жол жиегіне шығып, бетон қоршауға соғылды», - деп хабарлады куәгерлер.

ЖКО салдарынан Toyota Hilux автокөлігінің екі жолаушысы, қыз және бала зардап шекті. Олар түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтаумен қалалық полиция айналысады.


Көзі: yunews.kz