Пневматикалық қаруды сатып алу қиын болады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Пневматикалық қаруды сатып алу қиын болады

444

Smiley face

ІІМ қару айналымын бақылауды, оның ішінде заңнамалық деңгейде бақылауды қамтамасыз етеді. Сондықтан Министрлік бұл бағытта бірқатар бұйрықтар шығарды. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті хабарлады.

Қару мен патрондарды орталықтандырылған сақтау тек қызметтік қару иелеріне ғана емес, сонымен қатар азаматтық қару иелеріне де қолжетімді болады. Енді қаруды үйде немесе арнайы орталықтандырылған сақтау пунктінде сақтауға болады.

Сонымен қатар, жаңа ережелермен ішкі істер органдарының рұқсатынсыз сатылатын қаруды сату тәртібі реттелді. Бұл пневматикалық, сигналдық қаруға, сондай-ақ газ бүріккіштерге қатысты.

Енді мұндай қаруды сатып алу үшін өзінің кәмелетке толғанын растап, дүкенде сотталмағандығы, медициналық қарсы көрсетілімдері жоқтығы туралы және қаруды қауіпсіз ұстау ережелерін білуін тексеру туралы анықтамалар беру қажет.

Мысалдардың бірі ретінде елдордада пневматикалық тапаншаны  қолданумен жасалған қылмыстың Интернет желіде жарияланған видеосын келтіруге болады. Мас болған  ер адам балалар ойнаған үйдің ауласында тапаншамен қорқытып, үркіткен. Оны полиция қызметкері ұстады.

Барлығы 2017 жылдан бастап аталған санаттағы қаруды қолданумен  129 қылмыс жасалды, оның ішінде қарақшылық - 28, бұзақылық – 79, кісі өлтіруге оқталу - 3.

Бұл ретте аңшылық дүкендерінің сатушылары нормативтік бекітілген негіздердің болмауына байланысты қару ұстауға қарсы айғақтары бар екенін біле тұра, мұндай қаруды сатуды шектей алмайды.

2018 жылы Қазақстанға 4 мыңнан астам сигналдық қару (спорттық іс-шараларда «старт» сигналдарын беруге арналған дыбысты) әкелінді. Тапаншаның сыртқы түрі «Макаров» және «Глок» маркалы тапаншаларды көшіреді.

Іс жүзінде бұл қаруды жастар көрсету және қорқыту үшін пайдаланады, оны қарақшылық кезінде қолдану және ұрыстық қаруға өзгерту фактілері бар.

Жаңа енгізілімдер қару сатып алғысы келетін азаматтар үшін белгілі бір кедергі жасайды, сондай-ақ оны кәсіпкерлердің іске асыруын қысқартады. Бірақ бұл қылмыскерлер мен психикалық науқастардың қолына қару түскен жағдайда азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірумен өлшенбейді.

Денис Тенмен болған қайғылы оқиғадан кейін көптеген азаматтар қорғаныс үшін травматикалық қаруды қайтаруды ұсынды.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат Байболов сұраққа жауап берді.

«Бұл мәселені біз қарастырдық. Мұндай қажеттілік жоқ. Біз талдау жасадық. Біз 2014 жылы травматикалық қаруға тыйым салдық. Тыйым салғаннан кейінгі  5 жылда әсері болды. Бұрын неге травматикалық қару сатып алынатын еді? Көптеген адамдар оны құқыққа қарсы мақсаттарда пайдаланды. Көпшілігі оны сатып алып, өзімен бірге алып жүрді. Кез келген оқиға кезінде, тіпті жанармай толтырғанда, бір ауыз сөз үшін қару қолдану қатардағы жайт болатын. Және қаруды өзін-өзі қорғау мақсатында емес, керісінше, құқыққа қарсы мақсаттарда қолдану: қарақшылық, бұзақылық сияқты фактілер көп болды. Яғни, азаматтар оны дұрыс қолданбаған. Сондықтан басқа елдер сияқты осындай тыйым енгіздік. Оны жою (алып тастау) қажеттілігі жоқ», - деді М. Байболов.

 Пневматикалық қаруға қатысты Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы ол тек тирде қолданылуы тиіс деп санайды.

«Пневматикалық қару спорттық қару санатына жатады, және ол тек тирде ғана пайдаланылуы тиіс. Егер сен сатып алсаң, тирге барып, сол жерде ат», - дейді М.Байболов.


Көзі: yunews.kz