Донорлық жүректі пациенттер велошеруге қатысады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Донорлық жүректі пациенттер велошеруге қатысады

444

Smiley face

10 тамызда елордада «Сау жүрек айлығы» аясында жылсайынғы қайырымдылық велошеруі  өтеді, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің сайты.

Донорлық жүректі пациенттер велошеруіне осы бірегей операцияларды жасаған дәрігер Юрий Пя бастаған «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ мамандарының да қатысуы айтулы оқиға болады.

Қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында велошеру барысында аталған көшелерде көлік қозғалысы жартылай шектелетінін атап өту керек. Қашықтықты бағындыруға берілетін ең көп уақыт – 60 минут.

"Сау жүрек айлығы" қайырымдылық іс-шарасының басты ұйымдастырушысы "Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық" АҚ бастамасымен құрылған "Жүрек орталығы" Корпоративтік қоры болып табылады.

"Жүрек орталығы" қоры - бұл клиниканың ғылыми-білім беру қызметін дамыту, сондай-ақ жалпы Қазақстан Республикасының кардиохирургиялық қызметін жетілдіру мақсатында құрылған Қазақстандағы алғашқы және жалғыз қор.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz/ru/news/news/20104


Көзі: yunews.kz