Санитарлық авиация бес күндік нәрестені Алматыға шұғыл түрде тасымалдады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Санитарлық авиация бес күндік нәрестені Алматыға шұғыл түрде тасымалдады

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Өкпені жасанды желдету аппаратындағы бала шұғыл түрде санитарлық авиация желісі бойынша Қызылордадан Алматыға жеткізілді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

2019 жылдың 27 шілдесінде бала туа біткен жүрек ақауымен ауыр күйде дүниеге келді. Босанғаннан кейінгі кезеңде жаңа туған нәрестеге жағдай тұрақтанғанға дейін қажетті медициналық көмек көрсетілді. Операция жасау үшін сәби анасымен бірге Алматы қ. Педиатрия және балалар хирургиясы ұлттық орталығына санавиация күшімен жеткізілді. Алайда медициналық мекемеде операция жүргізу үшін жағдай болған жоқ.

Айта кетерлік жайт, биылғы жылдың 1-жартыжылдығында Шұғыл медицинаның ұлттық үйлестіру орталығының мамандары 1285 ұшуды орындады, 1739 медициналық қызмет көрсетті, 1550 науқасқа көмек көрсетті. 2019 жылдың 6 айында патологиялық аурулары бар нәрестелер емделушілердің жалпы санының 11,7%-ын құрады.


Көзі: Yunews.kz