Петропавлда төбелес барысында 28 жасар жігіт көз жұмды, оқиға куәгерлері іздестірілуде - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Петропавлда төбелес барысында 28 жасар жігіт көз жұмды, оқиға куәгерлері іздестірілуде

444

Smiley face
Фото из открытых источников

«4 тамызға қараған түні «Блюз» кафесінің жанында алған дене жарақаттарының салдарынан Петропавл қаласының тұрғыны көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 106-  бабының 3-бөлігі «Өлімге әкеп соққан денсаулыққа ауыр зиян келтіру»  және ҚР ҚК 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады облыстық прокуратурадан.

Бұл қылмыстың жасалуына облыс орталығының екі тұрғыны күдіктенуде. Облыс прокуроры Бағбан Тайымбетов облыс полиция департаменті бастығының м.а. Д. А. Таевпен бірлесіп қаза тапқан адамның жақындары мен туыстарымен кездесу ұйымдастырды.  Көңіл айтылды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында полиция органдарына бірқатар нақты нұсқаулар берілді. Тергеу барысы СҚО Бас прокурорының жеке бақылауына алынды.

«Әлеуметтік желілердегі ықтимал арандатушылықты ескере отырып, азаматтарды оларға әрекет жасамауға және үрейленбеуге, заңсыз және негізсіз пікірлерге қатысудан бас тартуға шақырамыз. Осы оқиғаның куәгері болған адамдардың барлығын 102 және 36-65-17 телефондары арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз», - делінген қадағалау органының ресми хабарламасында.


Көзі: Yunews.kz