Қазақстан «Аравт» аттар марафонында көш бастады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстан «Аравт» аттар марафонында көш бастады

444

Smiley face
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Қазақстан Қарулы Күштерінің командасы «Армиялық әскери ойындар-2019 аясында өткен «Аравт» бірінші халықаралық аттар марафонының соңғы кезеңінде  Қырғызстаннан келген қарсыластарын 13 минутқа басып озды.

3100 метр жүгіру және 4100 метр атпен шабу - бұл қашықтық аттар марафонына қатысушыларды біраз ширықтырды. Қысқа қашықтықтағы эстафетаның өз кедергілері мен қиындығы бар. Алайда, барлық қиындықтарға қарамастан, Қазақстан командасы Қырғыстаннан келген көршілерін 13 минутқа басып озып, 40 минуттың ішінде мәреге жетті. Бірақ бұл тек алдын ала нәтижелер. Ертең Моңғолия мен Ресейден келген командалар да бұл нәтижені жақсартуға тырысатын болады.


Көзі: Yunews.kz