Словакияда обаның жаңа ошақтары тіркелді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Словакияда обаның жаңа ошақтары тіркелді

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Словакияда шошқалардың африкалық оба ауруының үш жаңа ошағы тіркелген, олар Венгриямен шекаралас жердегі Требишов ауданында орналасқан бірінші ошаққа жақын, деп хабарлайды РИА Новости республиканың Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Жиырма бесінші шілдеде Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Даниэл Грежик журналистерге республикада алғаш тіркелген Требишов ауданындағы шошқа фермаларында африкалық оба ауруы туралы және бұл туралы Еурокомиссия мен Париждегі Дүниежүзілік жануарлар денсаулық сақтау ұйымы органдары хабардар етілгені жайлы хабарлады.

«Шошқалар ауруының үш жаңа ошағы бірінші ошаққа көршілес. Бұл ошақтар табылған шаруашылықтарда барлық шошқалар өлтірілді. Ауру көзі әлі белгісіз, эпизоотологиялық тексеріс жүріп жатыр», - делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми хабарламасында.

Ауру шошқаларды тіркейтін барлық жерлерде үш шақырымдық санитарлық кордондар орнатылды. Жергілікті БАҚ-қа сәйкес, ауру көзі шошқалар заңсыз өсірілетін фермада болуы мүмкін. Сәрсенбі күні словак БАҚ-тары Қытай Словакиядан шошқа мен шошқа етін импорттауға тыйым салғанын хабарлады.


Көзі: Yunews.kz