Бентли жоғалтқан кім? - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Бентли жоғалтқан кім?

444

Smiley face
Фото из открытых источников

«Бентли Континенталь GT» маркалы автокөлікті ҚР ҰҚК Шекара қызметі 2030 әскери бөлімінің кезекшілері бірінші болып көрді. Көлік Әйтеке би ауданы Комсомол ауылынан 35 шақырым жерде табылды. Мемлекеттік нөмір бойынша автомобиль Ресей азаматының атына тіркелген.

Анықталғандай, белгісіз тұлғалар Қазақстан аумағына машинамен заңсыз кіріп, оны №1466 шекаралық белгі маңында тастап кеткен.  Бұл айдап әкеткен көлік пе, әлде басқа жағдай екені әзірге белгісіз.

«Қазір Ресейдің көршілес Орынбор облысына автокөлік иелерін анықтауға сұраныс жіберілді. Жедел-тергеу шаралары жүргізілуде»,-деп атап өтті Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұлов.


Көзі: Yunews.kz