Кешірім жоқ, жазалансын - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Кешірім жоқ, жазалансын

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Филиппин президенті Родриго Дутерте, ұлтына қарамастан есірткі барондарының басын алуға дайын екенін және бұл үшін түрмеге отырудан қорықпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости Manila Bulletin газетіне сілтеме жасап.

2016 жылдың мамыр айында Филиппин президенті болып сайланған Родриго Дутерте есірткіге тәуелді адамдармен, сондай-ақ есірткі тарататын адамдармен жан-жақты күресуді қолдайды. Әлемдік жұртшылық Филиппиндегі есірткі саудасымен күрес әдістерін бірнеше рет айыптады. БҰҰ-ның Адам құқықтары саласындағы сарапшылары филиппиндік биліктің тәсілдерін айыптап, оларды ретсіз адам өлтіруге кедергі болуға және толық сот талқылауы жүргізілмеген күдіктілерге қатысты жазалаудан бас тартуға шақырды.

«Мен сыбайлас жемқорлықты жек көремін, және де есірткіні жек көремін. Егер сен есірткіні тонналап сататын наркобарон болсаң, сенің қытай, жапон немесе малайзиялық екеніңе қарамаймын, мен сенің басыңды кесемін», - деп мәлімдеді Филиппин президенті.

Ол бұл қылығы үшін «оны түрмеге тоғытса да» алаңдамайтынын айтты. Ондай жағдай орын алатын болса оған жылына бір рет Рождество мейрамында тамақ әкелуді сұрады.


Көзі: Yunews.kz