Жапониядағы Асама жанартауы 1,8 км биіктікке күл шығарды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жапониядағы Асама жанартауы 1,8 км биіктікке күл шығарды

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Асама жанартауының атқылауы сәрсенбі күні Жапонияның  Хонсю аралының орталық бөлігінде болды, күл 1800 метр биіктікке көтерілді, деп хабарлайды РИА Новости елдің басты метеорологиялық басқармасына сілтеме жасап. Зардап шеккендер мен келтірілген залал туралы деректер әзірге түскен жоқ.

Киодо агенттігі хабарлағандай, Жапония Үкіметі атқылауға байланысты Премьер-Министр Кеңсесінің жанынан Үйлестіруші дағдарыс орталығын құрды.

2015 жылы жапон метеорологтары Гумма және Нагано префектураларының шекарасында Токиодан 140 шақырым жерде орналасқан Асама жанартауының кратерінен күл шығарындысын тіркеді. 2009 жылы осы жанартау күлді 2000 метр биіктікке лақтырды.


Көзі: Yunews.kz