Қазақстандық клуб Эстонияда тоғыз жауапсыз гол соқты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық клуб Эстонияда тоғыз жауапсыз гол соқты

444

Smiley face
Фото: Vesti.kz

Шымкенттік «БИИК-Қазығұрт» чемпиондардың әйелдер Лигасының іріктеу раундының алғашқы матчында фарералық «ЭБС/Скаланы» ойсырата жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.  Эстонияда өткен кездесу 9:0 есебімен қазақстандық команда пайдасына аяқталды. Гүлнәр Габелия өз есебіне бес гол жазды. Грузиядан келген қазақстандық шабуылшы покерді 18 минуттың ішінде рәсімдеп, барлық голдарын бірінші таймда соқты.

Сондай-ақ, бұл матчта дубль рәсімдеген қазақстандық Екатерина Бабшук және Светлана Бортникова ерекшеленді, ал тағы бір допты нигериялық Черити Реубен өз есебіне жазды.

Шымкенттік команда келесі матчты 10 тамыз күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 22:00-де эстониялық «Флора» командасына қарсы өткізеді


Көзі: Yunews.kz