Атамбаевтың резиденциясында атыс басталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атамбаевтың резиденциясында атыс басталды

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Қырғызстанда арнайы жасақ экс-президент Алмазбек Атамбаевты ұстау бойынша арнайы операцияны бастады, резеңке оқтар қолданылды, атыс салдарынан жараланған адамдар бар, деп хабарлайды РИА Новости экс-президенттің кеңесшісіне сілтеме жасап.

Милиция қызметкерлері беделді қылмыскер Азиз Батукаевты заңсыз босату туралы іс бойынша куәгер ретінде жауап алу үшін Атамбаевты елдің ІІМ Бас тергеу басқармасына үш рет шақырған болатын. Ол барлық шақыру қағаздарын елемеді, оларды «тіпті қолына алмайтынын» мәлімдеп, тергеушілердің сұрақтарына қашықтықтан - жазбаша түрде өзінің адвокаты арқылы жауап беруді ұсынды. Заңнамаға сәйкес, егер куәгер жауап алуға шақыру қағазын үш рет елемесе, құқық қорғау органдарының қызметкерлері оны мәжбүрлеп келтіруге құқылы.

Куәгерлердің хабарлауынша, арнайы жасақ экс-президенттің жақтастарына қарсы арнайы құралдарды қолданды. Сондай-ақ, жарақаттанған бірнеше адам туралы хабарланады - олар резеңке оқтардан жараланған.


Көзі: Yunews.kz