Алматы полицейлері Макаров тапаншасын тәркіледі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматы полицейлері Макаров тапаншасын тәркіледі

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Полицейлер Алматыда 25 жастағы ер адамнан "Макаров" жүйесінің тапаншасын тәркіледі.

Алматы қ. ПД  баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ маңында ол тапаншадан ауаға бірнеше рет оқ атқан.

"Күдікті - аз. Б., 1994 ж.т., ұсталды. Алынған қару бойынша сот-баллистикалық сараптама тағайындалды, ол оның шығу тегін, тиесілігін анықтайды, сондай-ақ тапаншаның қандай да бір қылмыстарға қатыстылығын тексереді. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 287-бабы 3 б., 293-бабы 3 б.  бойынша жүргізілуде", - деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция майоры Болат Тотыбаев.

Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылып 2 ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу органы күдіктінің Алматы қаласының аумағындағы басқа қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатыстылығын тексереді.


Көзі: yunews.kz