Такси жүргізушілері жолаушыларға ұйықтатын дәрі беріп тонаған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Такси жүргізушілері жолаушыларға ұйықтатын дәрі беріп тонаған

444

Smiley face

Алматыда жолаушыларды дәрінің көмегімен ұйықтатқан такси жүргізушілері сотталды, деп хабарлайды Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі.

Алдын ала сөз байласу арқылы төрт ер адам бірнеше рет қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, яғни бөтен мүлікті жасырынбай ұрлаған.

Олар зардап шеккендерді қала орталығындағы клубтар мен түнгі ойын-сауық кешендерінің жанында торуылдаған. Сотталушылар такси қызметін ұсынып, сапар кезінде клиентке  ұйықтататын дәрі қосылған темекі берген.

Темекі әсерінен жолаушының жағдайы нашарлап, олар әлсізденіп, есінен танады. Сотталушылар жәбірленушілердің әлсіздігін пайдаланып, оларға тиесілі мүлікті қалтасынан ұрлап, қылмыс орнынан бой тасалаған.

2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін сотталушылар жол бойында және "Чукотка", "Sky", "Рубин", "Синий-фантомас", "BHB", "Сәуле" ойын-сауық кешендерінің жанында автокөлік тоқтатқан адамдардың мүлкін бірнеше рет ашық жымқырған.

Аталған қылмыстық құқық бұзушылық нәтижесінде жәбірленушілерге 55 000-нан 1 386 372 теңгеге дейін сомаға мүліктік залал келтірілген.

Сотта сотталушылар кінәсін ішінара мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкініш білдірді.

Сот үкімімен таксистердің біреуі Қазақстан Республикасының ҚК-нің 191 б. 2 б. 1,2,3 т. (күш қолданып, бірнеше рет адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен тонау) және 188 б. 2 б. 1,3 т. (бірнеше рет адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен,  ақпараттық жүйеге заңсыз кіру не телекоммуникациялар желісі бойынша берілетін ақпаратты өзгерту жолымен көлік құралына заңсыз кірумен жасалған ұрлық;) көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және ҚК 58 б. 3,6 т. сәйкес оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде түпкілікті жаза тағайындалды.

Екінші фигурант Қазақстан Республикасының ҚК 191 б. 3 б., 188 б. 2 б. 1 т. көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және ҚК 58 б. 3,6 б., 60 б. 1 б. сәйкес оған   6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде түпкілікті жаза тағайындалды.

Үшінші қатысушы Қазақстан Республикасының ҚК 191 б. 3 б.1 т., 188 б. 2 б. 1 т. көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және ҚК 58 б. 3 б., 60 б. 1 б. сәйкес оған   5 жыл 6 ай  мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.

Төртінші сыбайлас Қазақстан Республикасының ҚК 191 б. 3 б. көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды,  және оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде т жаза тағайындалды.

Сотталғандар жазасын орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады.

Сонымен қатар, сот сотталушылардан жәбірленушілердің пайдасына материалдық залалды өндіріп алу туралы азаматтық талапты ішінара қанағаттандырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Көзі: yunews.kz