Прокуратура теміржол қызметтері үшін тарифтерді көтерген монополистерге айыппұл салды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Прокуратура теміржол қызметтері үшін тарифтерді көтерген монополистерге айыппұл салды

444

Smiley face

Көлік прокуратурасы Шымкент өңірінде кірме жолдармен вагондар жүргізу қызметтерін көрсететін  табиғи монополия субъектілерінің заңдылықты сақтауына  талдау жүргізді.

Тексеру барысында монополистердің уәкілетті орган бекіткен тарифтік сметаларды орындамау, олардың нақты табыстарды жасыруы, тұтынушылардан заңсыз артық ақы алу, тарифтерге негізсіз шығындарды енгізу, тұтынушылармен жасалған шарттар талаптарының заң талаптарына сәйкес келмеуі сияқты көптеген фактілер анықталды.

"Анықталған бұзушылықтар бойынша уәкілетті органға прокурорлық қадағалау актісі енгізілді, ол бойынша 11 әкімшілік іс қозғалды, 6,7 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, 7 ұйғарым енгізілді. 17 монополистің қызметтеріне өтеуші тарифтер енгізілді, нәтижесінде тұтынушыларға 35,8 млн теңге қайтарылатын болады", - деді Бас көлік прокуроры Ернат Сыбанқұлов.

Бұл шаралар теміржолдың кірме жолдары қызметтерінің тарифтерін 20%-дан астам төмендетуге мүмкіндік берді.


Көзі: yunews.kz