Алакөлге екі бассейннен ағынды сулар заңсыз төгілген - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алакөлге екі бассейннен ағынды сулар заңсыз төгілген

444

Smiley face

Алматы облысы бойынша экология департаменті Алакөл көліне ағынды сулар тастау фактіcі бойынша «ALMATRADEGROUP» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізді, деп хабарлайды ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Ағынды сулар көлдің жағасында орналасқан екі бассейннен (балалар мен ересек) заңсыз құрастырылған құбырлардан тасталғаны анықталды.

Тексеру нәтижесі бойынша бұзушылықтар анықталды. Ағынды суларды тастау  экологиялық сараптаманың тиісті қорытындысы мен қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат берместен жүзеге асырылған.

Экологиялық бұзушылықтарға жол берілгені үшін  әкімшілік айыппұлдар салынды, ағынды суларды тастау жүзеге асырылған құбырларды бөлшектеу туралы ұйғарым берілді.

Қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы анықталуда.

Алматы облысы бойынша экология департаменті сотқа кәсіпорынның қызметін  тоқтата тұру туралы талап қоюға бастамашылық жасайды.

Экология министрлігі су ресурстарының сапасы тұрақты жағдайда екенін, қоршаған ортаға қауіп байқалмайтынын хабарлайды. Алматы облысы бойынша экология департаменті «Қазгидромет» РМК филиалымен, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет басқармасымен бірлесіп суға мониторинг жүргізуді жалғастыруда.


Көзі: yunews.kz