Алматыда өрттер жиілеп кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматыда өрттер жиілеп кетті

444

Smiley face
Фото: КЧС МВД РК

Алматыда құрғақ шөптің жану қаупі артып келеді. Бүгінгі күні осындай 364 оқиға тіркелген, ал өткен жылы бұл көрсеткіш 251 оқиғаны құраған.

ТЖД отырысында оңтүстік астана әкімінің орынбасарларына ашық аумақтарға, сондай-ақ тұрғын үй алаптарының айналасына жалғасқан автомобиль және теміржол бойындағы минералдандырылған жолақтарды (жыртылған жерлерді) құру бойынша, сондай-ақ құрғақ өсімдіктерді шабу және тазарту, және үлкен алаңдарды сегменттерге жыртумен бөлу әдістері туралы талаптарды орындау  тапсырылды.

Өрттің жиілеуіне байланысты қала ішінде табиғи өрттермен күрес жөніндегі Штаб құру туралы шешім қабылданды.

Хабарланғандай, жыртылмай қалған жердің алаңы тамыз айының ортасына дейін 78 км құрауы тиіс, ол кезде күнмен күйдірілген шөп аса қауіпті болады.

ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда 27,8 км жол мен жеке секторды алқаптарға жанасқан жерде жырту жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ жалпы көлемі 9,7 га құрғақ шөп шабылды.


Көзі: yunews.kz