Ақтауда жаппай төбелес кезінде жас жігітті пышақтап кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтауда жаппай төбелес кезінде жас жігітті пышақтап кетті

444

Smiley faceФото lada.kz

Жаппай төбелес Ақтау қаласының төртінші шағын ауданындағы №3 үйдің жанында болды. Үй тұрғындары 102 кезекші пультіне қоңырау шалып, айқай-шуға шағымданды.

«Оқиға орнына бірнеше патруль келді, анықталғандай, жас адамдардың арасында жанжал шыққан, оның барысында қатысушылардың бірі пышақ алып, өзінің қарсыласын кеуде тұсынан жаралаған», - деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жарақат алған жігіт жедел жәрдеммен облыстық аурухананың қабылдау бөлмесіне жеткізілген, операция сәтті өтті. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп жоқ.

Күдіктіні сол түнде анықтап, ұстады, оған қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Көзі: yunews.kz