Прокуратура мен полиция Ақтау қаласында тасталған пробиркалар бойынша тергеу жұмыстарын бастады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Прокуратура мен полиция Ақтау қаласында тасталған пробиркалар бойынша тергеу жұмыстарын бастады

444

Smiley face

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің суреті

Ақтауда қоқыс тастайтын жерде табылған қан құйылған пробиркалар туралы ақпаратты алғаннан кейін Мұнайлы ауданы әкімдігінің қызметкерлері оқиға орнына барды, медициналық қалдықтарды тастау фактісі расталды.

"Төгілген медициналық қалдықтарды жою үшін "Мұнайлы" тазарту мекемелерінің қызметкерлері шақырылды, олар тазалау барысында зәр жинауға арналған 72 контейнер мен 296 вакутейнер тапты. Анықталған медициналық қалдықтар Мұнайлы аудандық орталық емханасына жоюға жіберілді", - деп хабарлады Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұдан басқа, халық арасында санитарлық-эпидемиологиялық қолайсыздықтың туындауына жол бермеу үшін анықталған медициналық қалдықтар туралы ақпарат жергілікті атқарушы органдарға, аудандық прокуратура органдарына және Мұнайлы аудандық полиция бөлімшесіне ұсынылды. Алдағы уақытта қосымша ақпарат берілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтау тұрғындары қоқыс тастайтын жерде қан құйылған пробирка тапқан болатын. 


Көзі: yunews.kz