Гипертонияны емдеу үшін жеңілдікпен берілетін препарат жоқ! - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Гипертонияны емдеу үшін жеңілдікпен берілетін препарат жоқ!

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Интернет-кеңістік беттерінде Қазақстанның 30 жастан асқан барлық азаматтарына гипертонияны емдеу үшін жеңілдікті дәрі-дәрмек алуға квота берілетіні туралы ақпарат таратылды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ақпарат шындыққа сәйкес келмейді деп хабарлайды.

«Ақпаратта «Кардиотонус» препараты туралы мәліметтер бар. Демек,  материал осы препаратты кең жарнамалау ниетімен дайындалды деуге болады. Бұл препараттың жарнамасына Денсаулық сақтау министрлігінің де, министр Елжан Біртановтың та ешқандай қатысы жоқ екенін баса айтамыз.  Тиісінше, материалда көрсетілген барлық мәліметтер мен министрдің дәйексөздері шындыққа жанаспайды. Ведомство басшысы ешқашан мұндай түсініктемелер берген емес», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінде.

Клиникалық тиімділігі дәлелденген барлық дәрілер Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға енгізілген, оларды knf.kz сайтынан қарауға болады.

ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің қызметіне, оның ішінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету бойынша жұмысқа қатысты барлық шынайы және жедел ақпарат ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің ресми сайтында орналастырылған.


Көзі: yunews.kz