Қазақстан БҰҰ-ның медиация нәтижесінде қол жеткізілген халықаралық әлемдік келісімдер туралы Конвенциясына қол қойды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстан БҰҰ-ның медиация нәтижесінде қол жеткізілген халықаралық әлемдік келісімдер туралы Конвенциясына қол қойды

444

Smiley face

Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаев Қазақстан Республикасының атынан Біріккен Ұлттар Ұйымының Сингапурдағы медиация нәтижесінде қол жеткізілген халықаралық әлемдік келісімдер туралы Конвенциясына қол қойды, деп хабарлайды ҚР Әділет министрлігі.

Конвенцияны БҰҰ Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясы (UNCITRAL) әзірледі. Конвенция коммерциялық дауларды медиация көмегімен халықаралық деңгейде реттеуге көмектеседі.

Құжатқа Австралия, Қытай, АҚШ, Швейцария, Оңтүстік Корея, Жапония және т.б. кіретін 46 мемлекет қол қойды.

Қазақстан Республикасы посткеңестік кеңістіктің азиялық өңірінен Конвенцияға қол қойған бірінші мемлекет болып табылады. 

Құжат медиация жолымен реттелген келісімдердің орындалуын трансшекаралық қамтамасыз етуді көздейді, сондай-ақ халықаралық коммерциялық дауларды реттеу жөніндегі нормативтік құқықтық базаны нығайтуға бағытталған.

Smiley face


Көзі: yunews.kz