Жергілікті тұрғынды өлтірген күдікті ұсталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жергілікті тұрғынды өлтірген күдікті ұсталды

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Шымкентте өртенген тұрғын үйден жергілікті тұрғынның мәйіті табылды.

"Ауыр қылмыс жасағаннан кейін жалпы құны 1 100 000 теңгеден асатын алтын бұйымдар мен ақшаны ұрлап, өлтірілген қала тұрғынының тұрғын үйін өртеп, қылмыс орнынан ізін жасырған күдікті ұсталды", - деп хабарлайды Шымкент қ. ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру", 192-бабы "Қарақшылық" және 202-бабы "Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Полиция қызметкерлерінің анықтауы бойынша, ұрланған ақшаға қаскүнем автомобиль сатып алған.


Көзі: yunews.kz