Қазақстан басшысы Қырғызстандағы жағдайды мұқият бақылап отыр - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстан басшысы Қырғызстандағы жағдайды мұқият бақылап отыр

444

Smiley face
Скриншот с видео

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстандағы болып жатқан жағдайды мұқият бақылап отыр және бұл жағдай жуық арада шешіледі деп үміттенеді, деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында

«Қазақстан Президенті Қырғызстандағы болып жатқан жағдайды мұқият бақылап отыр. Мемлекет басшысы бауырлас көрші елдегі ахуал Қырғыз Республикасының ішкі шаруасы деп есептейді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жағдай жуық арада елдің қолданыстағы заңы аясында шешілетініне үміттенеді», - деп жазды Берік Уәли Facebook-те.

Естеріңізге сала кетейік, 7 тамыз күні кешке сыбайлас жемқорлыққа айыпталған Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясы басталды. Арнайы қызметтер операцияны жүргізу кезінде бұрынғы Президенттің жақтастарына қарсы оқ атқан. Нәтижесінде 43 адам жарақат алып, арнайы жасақтың бір қызметкері қаза тапты. Зардап шеккендердің арасында - жергілікті басылымның журналисті бар. Шу облысы бойынша ІІМ басқармасының бастығы Самат Құрманқұлов жарақат алып, комада жатыр. Экс-президентті ұстау әзірге мүмкін болмады.


Көзі: yunews.kz