Қазақстанда израильдік технологиялар орталығы пайда болуы мүмкін - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда израильдік технологиялар орталығы пайда болуы мүмкін

444

Smiley face

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Израиль мемлекетімен ынтымақтастық перспективасы бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Израиль Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Лиат Вексельманды қабылдады, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Тараптар екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларына, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылады.

Тараптар израильдік технологиялардың арнайы орталығын құру мүмкіндігін қарастырды, онда қазақстандық кәсіпкерлер израильдік компаниялардың озық әзірлемелерімен таныса алады.

Л.Вексельман өз кезегінде, Израиль мемлекеті  Қазақстанның халықаралық аренадағы белсенді рөлін және оның әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықтың орта мерзімді перспективаға арналған басым бағыттары белгіленді.


Көзі: yunews.kz