Елес алтын - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Елес алтын

444

Smiley face

Қарағандыдан келген ревизор Павлодар қаласында орналасқан екі ломбардтың кассасында 5 миллион теңгеден астам қаржы жетіспейтінін анықтады.

Павлодар облысының ПД хабарлауынша, ломбардтарда жоқ алтын бұйымдарға кепілдік билеттері жазылған. Құжаттар нағыз, ал алтын бұйымдар - елес болды.

Күдікті – ломбардтардың директоры - полицияға осындай жолмен жұмыстан босатылған бұрынғы сарапшы-бағалаушылардың қарыздарын жапқаны туралы хабарлады.

"Күдікті аталған алтын бұйымдарды ұзартып, жоқ алтын бұйымдарға кепілдік билеттерін жазған, ақша қаражатын алып, жоғарыда көрсетілген алтын бұйымдарға пайыздарды жауып отырған", - деп хабарлады полиция баспасөз қызметі.

Алтын бұйымдарды банк ұяшығына апарудың орнына күдікті кепілге салынған алтынды өзіне алған.

Істің барлық мән-жайын ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу барысында полиция қызметкерлері анықтайды.


Көзі: yunews.kz