Қарағанды облысында әйел қазылған орға құлап кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағанды облысында әйел қазылған орға құлап кетті

444

Smiley face

Қарағанды облысы Жезқазған қаласының ауруханалық қалашығының аумағында қазылған орға әйел  құлап кетті.

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауы бойынша, орды кәріз құбырларын салу үшін «Теміртау реттеу орталығы» ЖШС мердігерлері қазған. Ордың периметрі бойынша ескерту белгілері қойылған, осыған қарамастан, жергілікті тұрғындар өздеріне  ыңғайлы болу  үшін ордың үстіне тақтай салған, ол өз кезегінде жүргіншілердің салмағына шыдамаған.

Құлаған әйел арқасын жарақаттап алған. Оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады. Пациент барлық қажетті медициналық көмекті алды.


Көзі: yunews.kz