ІІМ 11 млн азаматтың деректері таралып кетуіне түсініктеме берді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ІІМ 11 млн азаматтың деректері таралып кетуіне түсініктеме берді

444

Smiley face

ІІМ 11 млн-нан астам пайдаланушының жеке деректерінің таралып кетуіне түсініктеме берді.

ІІМ-нің хатында ҚР ҚК-нің 211-бабы 1-бөлігі бойынша қозғалған (Қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату), СДТБТ шеңберінде басталған сотқа дейінгі тергеу туралы ресми хабарланады.

«Бұған дейін КШТТО 11 млн-нан астам азаматтың жеке мәліметтерінің тарап кеткені туралы хабарлаған болатын, алайда біз ақпараттың таралу көзін хабарламадық. Жақында біз Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінен ресми хат алдық, және енді деректердің таралып кету көзі болған ұйым және деректердің сипаты туралы ақпаратты ашуға мүмкіндігіміз бар. Біз бұл істің жабулы күйде қалғанын қаламаймыз. Сондықтан жұртшылық пен журналистерді азаматтық белсенділік пен осы іске деген қызығушылық танытып, бізді қолдауға шақырамыз», - деп хабарлады КШТТО.

Естеріңізге сала кетейік, КШТТО мамандары желіде жеке деректердің ең ірі таралуын тапқан болатын. 11 млн адамның толық ақпараты бар база - бұл елдің барлық кәмелетке толған тұрғындары  - Интернет желісінде жаппай қолжетімділікте болды. Кез келген адам жүйеге еркін кіріп немесе оны өзіне толығымен жүктей алады.


Көзі: yunews.kz