Жүк тасымалдау ережелері өзгерді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жүк тасымалдау ережелері өзгерді

444

Smiley face

Жаңа жүк саясаты "Эйр Астана" әуекомпаниясының барлық рейстерінде билет сатып алғанда 2019 жылдың 7 тамызынан бастап, саяхат кезеңінде 2019 жылдың 21 тамызынан бастап енгізіледі.

Жүктің тегін нормасын алып жүру Piece concept халықаралық жүйесі бойынша багаж алып тұрған   орын санымен  есептелетін болады.

"Таңдалған тарифтік жүйеге байланысты 2019 жылдың 7 тамызынан бастап жолаушылар өзімен бірге бір немесе екі сөмкені ала алады. Бір сөмкенің ең үлкен салмағы эконом-класта 23 кг және бизнес-класта 32 кг құрайды. Қосымша жүкті ұшудан кем дегенде 24 сағат бұрын төлегенде 30% жеңілдік қарастырылған", - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Жаңа ережелер қол жүгіне қатысты емес. Тегін қол жүгінің салмағы бұрынғыдай – 8 кг. Бұл ретте эконом-класс жолаушылары бір сөмке, ал бизнес-класс жолаушылары екі сөмкені өткізе алады. Ұшақ салонында қол жүгімен қатар, қолшатыр, гүл және т.б. жеке пайдаланатын заттарды тегін тасымалдауға болады.


Көзі: yunews.kz