Өз есебінен көпір салды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Өз есебінен көпір салды

444

Smiley face
Фото: Yunews

Биліктің берген уәделерінен шаршаған Ақтөбе тұрғындары өз қаражатына көпір салды.

Билік Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Көлденең-Темір ауылының тұрғындарына жаңа жол өтпесі 2006 жылы іске қосылатын болады деп уәде берген еді. Себебі, жарты ғасыр бұрын салынған көпірмен жүру қауіпті болды. Шын мәнінде, бұл жыра арқылы төселген бірнеше құбыр ғана. Сондықтан, оның үстімен көлікпен жүру мүмкін емес, ал көктемде көпірді су басатын.

Бір қызығы, 13 жыл бұрын билік көпір салынды деп хабарлады, бірақ ол тек қағаз жүзінде ғана қалды. Шын мәнінде, адамдар көпір іспеттес өтпені пайдалануды жалғастырды. Алайда, осыдан  бірнеше күн бұрын белгісіз біреулер құбырдың бір бөлігін ұрлап кеткеннен кейін, екі белсенді, бұрынғы ауыл тұрғындары Қайрат Қалдығұлов пен Ғалымжан Нүкісов өздері көпір салуды шешті. Бұл туралы естіген соң  ізгі іске 40-қа жуық адам қосылуға ниет білдірді.

Smiley face
Фото: Yunews

"Біреу қиыршық тас, біреу цемент, үшінші біреу техника әкелді. Жұмыс тез жүрді. Нәтижесінде ұзындығы 26 метр, ені 6 метр көпір салдық. Ендігі уақытта көпірден машинамен де өте аламыз!",- деп қуанады Қайрат Қалдығұлов.

Қазір ер адам облыс орталығында тұрады, ауыл шаруашылығымен айналысады, бірақ бұрынғы жерлестерімен үнемі байланыс жасайды.

"Біз көпірді "Достық" - "Дружба" деп атадық. Бұл туған ауылымызға тартқан сыйымыз", - дейді Қалдығұлов.

Сонымен қатар, халық құрылысы туралы  естіген ауыл билігі болып жатқан жағдайға қызығушылық танытты. Бірақ қандай-да бір көмек көрсете алмады.


Көзі: yunews.kz