Қауіпсіз көлік қозғалысы үшін! - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қауіпсіз көлік қозғалысы үшін!

444

Smiley face

Шымкент қаласында Қ.Рысқұлбеков – Ғ.Иляев және Тәуке хан – Сайрам көшелерінің қиылысында жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіз және тиімді қозғалу деңгейін арттыру мақсатында қосымша реттеуші сигнал – қызыл «+» сигналы бар бағдаршам орнатылды.

Егер осы бағдаршамдарда қызыл «+» сигналы жанып тұрса, онда ол қарсы бағыттағы көлік құралдарының жүргізушілері үшін қозғалысқа тыйым салынғаны, ал солға бұрылып келе жатқан жүргізушілер қарсы көліктің өтуін күтпестен маневр жасай алатынын хабарлайды. Егер қызыл «+» сигналы жанбайтын болса, онда ол қарсы бағыттағы көлік құралдары үшін қозғалыс рұқсат етілгендігі, ал солға бұрылатын жүргізушілер қарсы көліктің өтуін  күтуі тиіс екендігі туралы хабарлайды. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 21 қазандағы № 667 қаулысымен Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелеріне толықтырулар енгізілді, яғни «Бағдаршам сигналдары» деген 5-бөлімде «қызыл «+»-сигналы бар бағдаршам» 5.9-1 тармақ қосылды. 

 

Шымкент қ. ПД баспасөз қызметі


Көзі: Yunews.kz