Орманға апарып тонап кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Орманға апарып тонап кетті

444

Smiley face

Зардап шегуші ірі жекеменшік фирманың аймақтық өкілі болып шықты, ол үйіне қомақты қаражатпен келген. Бұл туралы хабардар болған  қаскүнемдер – екі жас жігіт бетперде киіп және тапаншамен қаруланып, түн ортасында оның үйіне  басып кірген. Олар оны орман алқабына апарып, ішінде 14,5 млн теңге болған сөмкесін ұрлап, белгісіз бағытта бой тасалаған.

Алайда, қысқа уақыт өткеннен кейін криминалдық полиция қызметкерлері оларды арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұстады.

"Ақшаның бір бөлігі тәркіленді, тағы бір бөлігін күдіктілер өз қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген.  Қарақшылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдіктілер қамауға алынды", - деді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Көзі: Yunews.kz