Қырғызстанда төтенше жағдай режимі енгізілген жоқ - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қырғызстанда төтенше жағдай режимі енгізілген жоқ

444

Smiley face

Қырғызстан Парламенті бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты ұстауға әрекет ету кезінде жағдайдың шиеленісуіне байланысты елде төтенше жағдай режимін енгізбеген, деп хабарлайды РИА Новости. Парламент сайтында жарияланған қаулыда министрлер кабинетінің мүшелеріне елдегі қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақсыздығына жол бермеу және жекелеген топтар мен азаматтар тарапынан заңсыз іс-әрекеттердің жолын кесу бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ 2019 жылғы 7-8 тамызда Аламұдық ауданы Қой-Таш ауылында болған оқиғаларда зардап шеккендердің барлығына және "Альфа" арнайы бөлімшесінің қаза тапқан қызметкерінің отбасына материалдық, медициналық көмек көрсету ұсынылды.

Депутаттар прокуратураға Қой-Таш ауылында болған заңды бұзу фактілеріне жан-жақты және объективті тергеу жүргізуді тапсырды. "Сондай-ақ бас прокуратураға құқық қорғау органдары лауазымды тұлғаларының Атамбаевты ұстау жөніндегі іс-әрекеттерінің заңдылығын және негізділігін зерделеу және қысқа мерзімде құқықтық баға беру тапсырылды", - делінген қаулыда.

Сәрсенбі күні кешке Қырғызстанның арнайы қызметтері экс-президент Атамбаевты астанадан 20 шақырым жердегі Қой-Таш ауылындағы резиденциясында ұстау операциясын бастады. Олар бұрынғы көшбасшыны жақтаушыларға қарсы арнайы құралдар қолданды. Атамбаевтың жақтастары қарсы оқ атты. Нәтижесінде 52 адам, оның ішінде жергілікті басылымның журналисті жарақат алды. Бір арнайы жасақшы қаза тапты. Экс-президент әлі ұсталған жоқ.


Көзі: Yunews.kz