Қарағанды облысында тағы 13 мектеп НЗМ бағдарламасы бойынша жұмыс істейді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағанды облысында тағы 13 мектеп НЗМ бағдарламасы бойынша жұмыс істейді

444

Smiley face

 

Жаңа оқу жылынан бастап өңірдің тағы 13 мектебінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату жұмыстары басталады. Өткен оқу жылы НЗМ бағдарламасын 39 оқу орнында пайдалана бастады, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Мұғалімдердің біліктілігі артты, мектептер жаңа оқу бағдарламаларына көшеді - осының барлығы жақсы нәтиже береді. Сондықтан жаңа оқу жылында біз НЗМ бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін мектептер санын көбейтуді шештік", - дейді Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Гүлмира Көпбаева.

Қарағанды облысында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқу бағдарламасын 52 мектепте пайдаланатын болады.


Көзі: Yunews.kz