Атамбаев ұсталды: экс-президенттің қорғаушысы оның қазір қайда екенін білмейді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атамбаев ұсталды: экс-президенттің қорғаушысы оның қазір қайда екенін білмейді

444

Smiley face

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың қорғаушысы Сергей Слесарев өзінің қорғалушысын қайда апара жатқандарын білмейтіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұның алдында Атамбаев ұзақ келіссөздерден кейін өз еркімен әскерилерге берілген болатын.  Оны кеңесшілер Фарид Ниязов пен Құндуз Жолдыбаевамен бірге Бішкекке алып кетті.

Сәрсенбі күні кешке арнайы қызметтер Алмазбек Атамбаевты оның резиденциясында ұстау операциясын бастады. Бейсенбі күні жақтастар мен әскери күштердің соқтығысуы қайта басталды. Зардап шеккендер саны 80 адамға дейін өсті. Бір арнайы жасақ жауынгері қаза тапты.


Көзі: Yunews.kz