Кедергілер жолағы және 130 шақырым атпен жүру: Қазақстанның әскери қызметшілері халықаралық ат марафонының жүлдегерлері атанды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Кедергілер жолағы және 130 шақырым атпен жүру: Қазақстанның әскери қызметшілері халықаралық ат марафонының жүлдегерлері атанды

444

Smiley face

Армиялық халықаралық ойындар аясында Моңғолия жерінде өткен «Аравт» ат марафоны өз мәресіне жетті. Жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан командасы Қырғызстан, Ресей құрамасын артқа тастап, екінші жүлдені иеленді. Бірінші орын Моңғолия құрамасының еншісінде қалды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Бұл байқау биыл халықаралық әскери шараның шеңберінде бірінші рет өткізілді. Жарыс екі кезеңмен өтті: 130 км қашықтықта марафон және қысқа аралықта аралас эстафета. «Ат марафонының ерекшелігі жарысқа екі конкурсант қатысады – әскери қызметкер және оның жылқысы. Егер басқа конкурстарға жауынгердің өзі қатысып, нәтиже жеке дайындығынан көрінсе, бұл сайыста алға қойылған тапсырманы өзара бірігіп атқарған топ қана жеңіске жетеді», - дейді Қазақстан командасы бөлімінің командирі аға лейтенант Бекдайыр Төлегенов.

Марафонның бағыттары ретінде таулы, орманды, су бөгеттері мен құмды жерлер таңдалды. Сонымен қатар әр түрлі қашықтықтарда қатысушыларды түрлі сынақтар күтіп тұрды. Біздің әскери қызметшілер тереңдігі 1 метр мен ұзындығы 100 метрге дейін жететін су бөгетінен, миналы алаңнан өтіп, тактикалық тапсырманы орындап, түнеу орнын іздеп, жараланғандарды және салмағы 30 кг болатын оқ – дәрілері бар жәшіктерді тасымалдауы тиіс болды. Мұның барлығы ат тізгінінде отырып орындалуы қажет. Ал екінші кезеңде сайыскерлер шұңқыр, лабиринт, дуал, бұзылған көпір және баспалдақ, хабар берілетін құдық және траншея  сынды арнайы кедергілерден өтеді. Ат марафонының төрешілер алқасы киім-кешек пен қауіпсіздік шараларының сақталуын мұқият тексерсе, мал дәрігері жылқылардың жүрек соғысы мен пульсін қарады. Бұл орайда жарысқа келген әр елдің командалары шаршағандарын да жасырмады, алайда жеңіске деген жігерлілік әрқашан күшті болатынын көрсетті.


Көзі: Yunews.kz