АҚШ-та ұшақ апатынан үш адам қаза тапты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

АҚШ-та ұшақ апатынан үш адам қаза тапты

444

Smiley face

Пенсильвания штаты,  Монтгомери округінде тұрғын үйлердің бірінің артқы ауласында Beechcraft Bonanza жекеменшік жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады, бортта болған үш адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости АҚШ азаматтық  авиация Федералдық басқармасына сілтеме жасап.

Ұшақ Филадельфияның солтүстік-шығыс бөлігіндегі әуежайдан ұшып шығып, Колумбус қаласында орналасқан Огайо штатының университетіне бағыт алған. Полиция өкілі Майк Мерфидің айтуынша, ұшақ «бірнеше ағашқа соқтығысты және орман екпелеріне тоқтады". Оның айтуынша, оқиға кезінде «жерде» жүргендердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ, тұрғын үйлер зақымданбаған.

Биліктің мәліметтері бойынша, ұшқыш әуеге көтерілген соң ұшақтағы ақау  туралы хабарлады. Апаттың нақты себебі әлі белгісіз. Тексеруді азаматтық авиация басқармасының және Көліктегі қауіпсіздік жөніндегі ұлттық кеңестің өкілдері жүргізуде.


Көзі: Yunews.kz