«Барыс» Президент Кубогы аясында екінші матчта жеңді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Барыс» Президент Кубогы аясында екінші матчта жеңді

444

Smiley face

«Барыс» үшін Президент Кубогының екінші матчы қиын болды - команда артта қалды. Дегенмен, 0:2 есебімен ұтылса да, барыстар мойымай күшін жинады және нижнекамскілік «Нефтехимик» командасынан басым түсті.

Президент Кубогының екінші матчында баптаушылар штабы команда көшбасшыларын шеттетті: бірінші бестікке демалыс берілді – Даррен Диц, Валерий Орехов, Ииро Пакаринен, Корбэн Найт және Алексей Шевченко. Олардың орнына мұз бетіне төртінші буын құрамында Максим Семенов – Кирилл Полохов, Максим Мусоров, Ярослав Евдокимов – Дмитрий Гурков – Валентин Разумняк шықты. Ал қақпаға  Хенрик Карлссон шығарылды.

Бірінші кезең «Барыс» үшін толығымен сәтсіз болды: барлық шабуылдар, әсіресе жас ойыншылардың шабуылдары қарсыластар тарапынан тойтарылып, олар өз аймағында орнығуға мүмкіндік бермеді. Оның үстіне кездесудің алғашқы минутында салынған гол қызбалықты арттырды. Ал кезеңнің ортасына қарай қонақтар сандық артықшылықтарды пайдаланып, екі шайбаға артық басымдыққа ие болды. Шабуылшы Никита Михайлис алшақтықты азайтып, өз командасына сенімділік берді.

Ойын уақытының екінші бөлігінің басында барыстар тағы жеңілді, және нәтижесінде өз қақпасына үшінші шайбаны өткізді. Есесіне осы бөліктің соңғы бес минуты өте сәтті болды. «Барыстың» артта қалуына қарамастан,  форвард Ярослав Евдокимов шайбаны өзіне алып, қарсыластың қақпасына дейін жетіп, оны торға дәл бағыттай алды. Ал кейінірек Дастин Бойд ерекшеленді.  Екінші үзіліске команда 3:3 ұпаймен кетті.

Қорытынды жиырма минутта командалар бір-бірінің төзімділігін сынады. Алайда ұзақ уақыт бойы бірде-бір шабуыл сәтті болмады. «Нефтехимик» тарапынан қате жіберілді,  «Барыс» қайтадан алға шықты. Және Дастин Бойд дубль жасап, тағы да командасына көмекке келді. Кездесу аяқталғанға дейін екі минут ішінде қонақтар қақпашыны алаңдағы алтыншыға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Карлссонға сынақ сағаты келді. Алайда Никита Клещенко ойға келмейтін тәсілмен шайбаны алып, бүкіл алаң арқылы оны бос қақпаға жолдады. 5:3 – «Барыстың» сенімді жеңізі. Осылайша, турнирдің екі күнінің қорытындысы бойынша алаң иелері турнирлік кестеде бірінші орынды иеленді. Келесі матчты барыстар сенбі күні сағат 17:00-де Екатеринбургтың «Автомобилистіне» қарсы өткізеді.

Сондай-ақ бүгін 10-шы Президент Кубогының аясында қазандық «Ак Барс» және уфалық «Салават Юлаев» кездескенін атап өтеміз. Матч 2:1 есеппен аяқталды.


Көзі: Yunews.kz