Арыста тағы жарылыс болды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Арыста тағы жарылыс болды

444

Smiley face

Арыс қаласында тағы жарылыс болды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Серік Қалқаманов.

"Бүгін (8.08.19- ред. еск.) Арыс қаласында сағат 18.15-те үйдің ауласында қоқысты өртеу кезінде белгісіз заттың жарылуы орын алды, нәтижесінде үйдің иесі жеңіл дене жарақатымен  (аяғы мен саусақтарын соғып алған) жергілікті ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында барлық жауапты қызметтер жұмыс істейді. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін зардап шеккен адам үйіне қайтты", - деп жазды С. Қалқаманов Facebook-тегі парақшасында.

 


Көзі: yunews.kz